14 қазан 2024
/ Новости Казахстана
Қазақстанда мүгедектігі бар азаматтар күні атап өтіледі
Қазан айының екінші жексенбісінде елімізде мүгедектігі бар азаматтар күні атап өтіледі. Тәуелсіздік алған 30 жылдан астам уақыт ішінде республикада ерекше қажеттіліктері бар адамдардың құқықтарын қорғау және өмір сүру сапасын арттыру саясаты жүйелі түрде іске асырылып жатыр. Бүгінде Қазақстанда ерекше қажеттіліктері бар 732 мыңнан астам адам тұрады. Олардың көпшілігі – өздерінің өмірлік мысалдарымен стереотиптерді бұзып, егер әркім өзіне сенетін болса, мүмкін емес ешнәрсе жоқ екенін дәлелдеген азаматтар.