Қазақстанда мүгедектігі бар азаматтар күні атап өтіледі
Фото: Әділет Беремқұлов/ Kazinform
Kazinform
Қазақстан жаңалықтары14 қазан 2024, 16:00

Қазақстанда мүгедектігі бар азаматтар күні атап өтіледі

Қазан айының екінші жексенбісінде елімізде мүгедектігі бар азаматтар күні атап өтіледі. Тәуелсіздік алған 30 жылдан астам уақыт ішінде республикада ерекше қажеттіліктері бар адамдардың құқықтарын қорғау және өмір сүру сапасын арттыру саясаты жүйелі түрде іске асырылып жатыр. Бүгінде Қазақстанда ерекше қажеттіліктері бар 732 мыңнан астам адам тұрады. Олардың көпшілігі – өздерінің өмірлік мысалдарымен стереотиптерді бұзып, егер әркім өзіне сенетін болса, мүмкін емес ешнәрсе жоқ екенін дәлелдеген азаматтар, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Мүгедектігі бар адамдардың арасында дарынды суретшілер, табысты бизнесмендер, қоғам қайраткерлері бар. Олар инновациялық технологиялар жасап, шабыт сыйлайтын кітаптар жазып, әлеуметтік жобалар жасауда. Сондай-ақ қоғам дамуына баға жетпес үлес қосып келеді.

Биыл Париждегі Паралимпиада ойындарында үздік нәтиже көрсеткен мүгедектігі бар спортшыларымыз еліміздің ерекше мақтаныштарына айналды. Біздің республика құрамасы 9 медальға ие болды: 2 алтын, 3 күміс және 4 қола.

Паралимпиадалық ойындардағы жетістік – мемлекетіміздің мүгедектігі бар азаматтардың құқықтарын қорғау, өмір сүру сапасын жақсарту және ерекше қажеттіліктері бар адамдарды қоғам өміріне қосу бойынша дәйекті саясаттының нәтижесі.

Еліміздеде мүгедектігі бар азаматтарға білім беру, жұмыспен қамту, денсаулық сақтау, әлеуметтік көмек, оңалту қызметтері, саяси және қоғамдық өмірге қатысу және т. б. құқықтарын жүзеге асыруға кепілдік беретін заңнама бар. Барлық өңірде қолжетімді орта құру, жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету және ерекше қажеттіліктері бар адамдарды техникалық көмекші құралдармен және арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылданып жатыр.

«Биыл еліміз БҰҰ-да Мүгедектігі бар азаматтардың құқықтары туралы конвенцияны жүзеге асыру мақсатында қабылданған шаралар туралы алғашқы баяндаманы қорғады. БҰҰ комитеті Қазақстан қабылдап жатқан шараларды жоғары бағалады және 2030 жылға дейінгі инклюзивті саясат тұжырымдамасында іске асырылатын бірқатар маңызды ұсынымды ұсынды. Біз бүгінге дейін көптеген қызмет атқардық, бірақ ары қарай даму үшін одан да көп жұмыс атқаруымыз қажет. Барлығы қолжетімді және инклюзивті қоғам құру үшін бірге жұмыс істейік», - деп атап өтті ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова.

Қазақстан мүгедектер күні

Тақырыпқа жаңалықтар