Қазақстан жаңалықтары9 қазан 2023, 12:30

Қазанның екінші жексенбісінде мүгедектігі бар адамдар күні аталып өтеді

Қазан айының екінші жексенбісінде елімізде мүгедектігі бар адамдар күні аталып өтіледі, - деп хабарлайды Arbat.media.

ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі: 

Қазақстанда ерекше қажеттіліктері бар 719 мыңнан астам адам тұрады. Бұл күн мүгедектігі бар азаматтардың мәселелеріне көңіл бөлуге, құқығы мен денсаулықтарын қорғауға, олардың саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өмірге қатысуынан қоғамға келетін басымдықтарға назар аударуға бағытталған.

Ерекше қажеттіліктері бар азаматтар түрлі салада еңбек етуде. 

Бұл адамдар өздерінің мүмкіндіктері мүлдем шектеулі емес екенін және олар толыққанды өмір сүре алатындығын дәлелдеп келеді. 

Мүгедектігі бар адамдар өмірдің белгілі бір проблемалық аспектілерін талқылауға сарапшы ретінде белсенді қатысады. 

Әлеуметтік кодекс пен басқа да заңнамалар қабылданып, ерекше қажеттіліктері бар адамдарға білім алуға, жұмысқа тұруға, медициналық, әлеуметтік көмекке және т.б. құқықтарға кепілдік беруде.

Мүгедектігі бар ересек азаматтар мен ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған оңалту орталықтары ашылуда.

Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесі жетілдірілуде. Республиканың барлық өңірлерінде кедергісіз орта құру бойынша жұмыстар атқарылуда.

Қазақстанда жынысына, жасына, ұлтына, физикалық ерекшеліктеріне және кез келген өзге де сипаттамаларына қарамастан, әрбір адам өзін толыққанды мүшесі ретінде сезінетін инклюзивті қоғамды дамыту жөніндегі жұмыстар өз жалғасын таба бермек.

Қазақстан мүгедектер күні

Тақырыпқа жаңалықтар