Новости: Нұрымов

Нұрымов - Қазақстандағы жалғыз еуразиялық порталдағы соңғы жаңалықтар тізімі. туралы жаңа ақпаратты оқыңыз 【Нұрымов】 жаңалықтар Arbat media
"Жақсы адам жарты жолда тастамайды": Қаржаубай Айтбек Амангелдіге не үшін ренжулі екенін айтты
20 маусым 2025 / Новости Казахстана

"Жақсы адам жарты жолда тастамайды": Қаржаубай Айтбек Амангелдіге не үшін ренжулі екенін айтты

Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов сот үкімінен кейін журналист Руслан Өтепбайға сұхбат беріп, Айтбек Амангелдінің іске қалай қосылғанын және не себепті оның көмегінен бас тартқанын айтып берді. Сондай-ақ шешімге қатысты ойын да бөлісті, деп хабардайды Arbat.Media Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

arbat media
11 қазан 2024 / Новости Казахстана

Талғарда мерт болған жасөспірімнің әкесі үндеу жасады

Талғарда кісі қолынан құрбан болған Шерзат Болаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов қазақстандықтарға үндеу жасады. «Құрметті қазақ елі! Сіздердің алдарыңызда басымды иемін. Көп-көп рахмет сіздерге. Мені қолдап, балам үшін қол ұшын беріп жатырсыздар. Мен Қонаев қаласының ішкі істер департаментінен келдім. Ол жерде іс оң жағынан қаралып жатыр. Бізге адвокаттар келіп көмектесіп жатыр. Марқұм болған Салтанаттың ағасының да көмегі бар, ол кісіге де алғысымды айтамын. Өтінішім бар, халқым. Ешқандай митингіге шықпаңыздар, қантөгіс болмасын. Мен бар жерде адамдар шоғырланса, сол сәтті менің дұшпандарым пайдалануы мүмкін. Көтеріліс жасап, мені аяқтан шалып, бауырыма қастандық жасауы мүмкін. Сол себепті халқым, өтініп сұраймын, ешқандай көтерілістің керегі жоқ. Мен тек заң аясында дұрыс, әділ шешім сұраймын. Артық ештеңе сұрамаймын», — деді Қаржаубай Нұрымов.