“Қаржаубайдың үйін кім өртеді?”: Мейірман Шекеев жаңа деректер айтты

Шерзат ісі бойынша бас қорғаушы Мейірман Шекеев соттан кейін халық көкейіндегі бірнеше сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Arbat.Media Мadeniportal.kz сайтына сілтеме жасап.

Қорғаушы өртенген Қаржаубайдың үйіне қатысты тың мәліметтермен бөлісті.

“Қазіргі таңда бұл іс бойынша тергеу жүріп жатыр. Қаржаубайдың үйіне барғанда іс бойынша хаттамамен толық таныстым. Келіспейтін тұстары болды. Алайда сол кезде Шерзаттың ісімен айналысып жүргендіктен, екі істі қатар ала алмадым. Кейін Қаржаубайдан сұрастырғанда қазіргі таңда Ресейге спутниктен қарау туралы сұраныс жіберілгені туралы айтылған екен. Сондықтан бұл іс әлі жабылған жоқ”, - деді Мейірман Шекеев.

Қаржаубай Нұрымов Шекеев Шерзат

Тақырыпқа жаңалықтар