“Қылмыспен келген ақша”: Шерзаттың әкесі сотталғандардан алатын өтемақыны не істейді?

Шерзаттың әкесі сотталғандардан алатын өтемақыны қайырымдылыққа жұмсамақшы, деп хабарлайды Arbat.Media.

Бұл туралы Қаржаубай Нұрымовтың заңгері Мейірман Шекеев хабарлады.

Мейірман Шекеев Қаржаубай сотталушылардан бір тиын да сұрағысы келмегенін алға тартты. Алайда заң шеңберінде қорғаушылар мән-жайды түсіндірген соң сотта өтемақы сұраған.

«Азаматтық талап қойған кезде басында бас тартты. Содан кейін мен шартты жазаға шығып кетпеу үшін өтемақы талап ету керек екенін түсіндіргеннен кейін ғана солай істеді. Оның өзінде ақша түсетін болса, оны балалар үйіне аударамын деді», – деді Мейірман Шекеев.

 

Қаржаубай Нұрымов Шерзат Полат

Тақырыпқа жаңалықтар