18 қараша 2024
/ Мир
Тбилисиде Грузия оппозициясының 24 сағаттық шеруі өтіп жатыр
17 қарашада Тбилиси мемлекеттік университеті ғимаратының жанында грузин оппозициялық күштерінің наразылық шеруі басталды. Ол бір күнге созылады. Оппозиция 26 қазанда өткен парламенттік сайлауда биліктегі «Грузин арманы» партиясы 54 пайыз дауыс жинаған нәтижелерді қабылдаудан бас тартып отыр. Акцияға қатысушылар ТМУ-дің бірінші корпусының жанына шатыр тіккен.