Польша: Оппозиция жетекшісі Дональд Туск жаңа дәуір басталғанын жариялады
Польша оппозициясының жетекшісі Дональд Туск елде жаңа дәуір басталғанын жариялады, - деп хабарлайды Arbat.media.
Жаңа экзит-полл нәтижелері бойынша Польшадағы парламенттік сайлауда билеуші ұлттық консервативті Құқық және әділет (PiS) партиясы алда келеді, бірақ ол парламенттік көпшілікке қол жеткізе алмайды немесе коалиция құра алмайды.
Бұл ретте Еуропалық кеңестің экс-төрағасы, Польшаның бұрынғы премьер-министрі Дональд Туск басқаратын оппозициялық либералдық-консервативтік «Азаматтық платформа» партиясы басқа екі оппозициялық партиямен бірге коалиция құра алады.
"Мен көп жылдар бойы саясаткермін. Мен спортшымын. Өмірімде ешқашан екінші орынға қуанған емеспін", - деді Дональд Туск.
Оның айтуынша, Польша мен демократия жеңіске жетті.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: