Әлем6 қазан 2023, 10:00

Ресейлік оппозиционерлер 30 қазанда аштық жариялауға шақырды

Ресейлік оппозиционерлер саяси тұтқындарды қолдау белгісі ретінде 30 қазанда аштық жариялауға шақырды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл үндеу Алексей Навальныйдың әлеуметтік желі парақшаларында жарияланды.

Ол 30 қазанды "Саяси тұтқындар күні" деп санауды ұсынып, жарты ғасыр бұрын Дубровлагтың саяси тұтқындары бұл датаға келіскенін еске салады.

«Біз барлық саяси тұтқындарды және оларға қолдау білдіргісі келетіндерді акцияға қосылуға және бұл күні тамақтанудан бас тартуға шақырамыз», - делінген хабарламада.

Оған Навальныйдан басқа Владимир Кара-Мурза, Вадим Останин, Лилия Чанышева, Даниэль Холодный және Илья Яшин қол қойды.

Ресей Оппозиция аштық Саяси тұтқындар күні

Тақырыпқа жаңалықтар