Қазақстан жаңалықтары25 тамыз 2024, 12:00

Qarmet металлургия зауытында екі адам қаза тапты

Теміртауда Qarmet металлургиялық комбинатында екі қызметкер қаза тапты. Олар табақша металл илемдеу цехында бөлшектеу жұмыстары кезінде биіктен құлаған, - деп хабарлайды Arbat.media.

«2024 жылы 25 тамызда Қарағанды облысының Теміртау қаласында Qarmet АҚ ЛПЦ-2 (№2 Листопрокат цехы) нысанында қайғылы оқиға орын алды. Таңғы сағат 9:20 шамасында химиялық ұстау блогының шатырын бөлшектеу кезінде биік жерде техника қауіпсіздігі ережелерін сақтамау салдарынан "Қазмеханомонтаж" ЖШС мердігерлік ұйымының екі қызметкері құлады», - деп хабарлады Qarmet АҚ баспасөз қызметі.

Өкінішке орай, 2005 жылы туған Д. Иманғалиев және 1986 жылы туған Ю. Самойлов алған жарақаттан қайтыс болды. Компания қайғылы оқиғаның себептері мен мән-жайын тергеу үшін арнайы комиссия құрылғанын хабарлады.

qarmet екі адам қаза тапты Оқыс оқиға

Тақырыпқа жаңалықтар