Орта дәліз бойынша жүк тасымалдау көлемі үштен бір есе ұлғайды
Биылғы жылдың төрт айында Орта дәліз бойынша жүк тасымалдау көлемі өткен жылмен салыстырғанда 35 пайызға өсті. Бұл туралы Қытайда өткен «Әзірбайжан темір жолдары» ЖАҚ төрағасы Ровшан Рустамов пен Қытай темір жолдары мемлекеттік корпорациясының төрағасы Лю Чжэнфанның кездесуі барысында айтылды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Кездесу барысында тараптар орта дәліздің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында Әзербайжан аумағы арқылы өтетін темір жол транзиттік тасымалдарын қытай тарапының субсидиялауы және басқа да мәселелерді талқылады, - деп жазады Kazinform агенттігі.
Әзірбайжан делегациясы осы артерияның инфрақұрылымын дамыту үшін ел жүзеге асыратын жобаларды ұсынды. Осы тұрғыда «Әзербайжан темір жолдары» ЖАҚ басшысы Баку-Тбилиси-Карс (БТК) жаңартылған теміржолы жүк тасымалын жаңғырту бойынша жылына 5 миллион тоннаға дейін жүктерді тасымалдауға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Кездесуде Қытайдың Сиань провинциясындағы порттан барлығы 61 контейнерлік пойыз орта дәлізге жіберілгені айтылды. Жалпы қаңтар-сәуір айларында осы бағыт бойынша жүк тасымалдау көлемі 2023 жылмен салыстырғанда 35 пайызға өскен.
20 мамырда орта дәліздің маңызды бөлігі саналатын Баку-Тбилиси-Карс теміржолының 184 шақырымдық учаскесін жаңғыртудың аяқталғаны белгілі болды. Сол күні Әзербайжанның Абшерон логистикалық орталығынан Грузияға қарай 20 контейнерлік жүк пойызы жолға шықты.