Новости: Отау

Отау - Қазақстандағы жалғыз еуразиялық порталдағы соңғы жаңалықтар тізімі. туралы жаңа ақпаратты оқыңыз 【Отау】 жаңалықтар Arbat media
Жаңа ипотека кімге беріледі?
27 наурыз 2024 / Новости Казахстана

Жаңа ипотека кімге беріледі?

Биыл 1 наурыздан бастап іске қосылған «Отау» ипотекалық бағдарламасы ел ішінде үлкен сұранысқа ие болып отыр. Бұған қоса ауыл және аудан орта­лығының тұрғындарына ар­налған жаңа тұрғын үй бағ­дар­ламасын қолға алу керек. Бұл ретте әлеуметтік тұрғыда осал топтағы жандар үшін несие өсімі 7 пайыздан аспауы қажет. Сонымен қатар сатып алу құқығымен жалға берілетін бас­пана санын бір­не­ше есе көбейтуді Үкіметке тапсырамын. Жеңілдетілген жаңа ипотеканың енгізілуі және жалға берілетін тұрғын үйдің көптеп салынуы құрылыс қарқынын арттырады. Құрылыс саласында жүз мыңдаған отан­дасымыз адал еңбек етіп жүр. Ең бастысы, бұл бағдарлама баспанаға мұқтаж көптеген адамның үйлі болуына жол ашады.

«Отау» көп отбасыны қуантады
16 наурыз 2024 / Новости Казахстана

«Отау» көп отбасыны қуантады

Елімізде 1 наурыздан бастап «Отау» бағдарламасы іске қосылды. «Отбасы банк» ұсынып отырған жаңа жоба аясында биыл 8000-ға жуық азамат баспанамен қамтылады деп жоспарланып отыр. Бағдарлама әлеуетін одан әрі арттыру мақсатында «Отбасы банк» басшылығы «Қазақстан құрылыс салушылар» қауымдастығымен және Қазақстан құрылысшылар одағымен кездесіп, одан әрі дамытуды көздейтін бағыттарды талқылады.

Баспаналы болу тетігі
12 наурыз 2024 / Новости Казахстана

Баспаналы болу тетігі

Мемлекет «Отау» деп аталатын жаңа ипотекалық бағдарламаны жариялады. Әрине, бағдарлама болған соң бірқатар талабы бар, дегенмен негізгі шарты – үміткердің басында кейінгі бес жылда үй болмауы керек. Барлық шарттан іркілмей өткен азамат тек «Отбасы банкпен» келісімшартқа отырған, «Қазақстан тұрғын үй компаниясының» кепілдігін алған компаниялардың ғана пәтерін қарас­тыра алады. Бір қызығы, қазірдің өзін­де осы кепілдікке ие үйлердің бағасы өсе бастады деген ақпарат тарап жатыр.

Елімізде «Отау» жаңа тұрғын үй бағдарламасы іске қосылады
17 ақпан 2024 / Новости Казахстана

Елімізде «Отау» жаңа тұрғын үй бағдарламасы іске қосылады

Отбасы банк «Отау» жаңа тұрғын үй бағдарламасы басталатынын хабарлады. «Отау» бағдарламасы 2024 жылдың 1 наурызында іске қосылады. Сол күннен бастап 30 сәуірге дейін (қоса алғанда) қазақстандықтар Баспана маркет (otbasybank.kz) порталында бағдарламаға қатысу туралы өтініш жолдай алады. Өтініш беру уақыты маңызды емес.Бағдарлама бойынша бастапқы жарна 20% - дан басталады. Несие бойынша мөлшерлеме-жылдық 9% (ЖЭС 9,2% бастап). Несие мерзімі - 19 жылға дейін.