Қостанай облысында 28 елдімекен жарықсыз қалды
Қостанай облысында 28 елді мекен жарықсыз қалды. Апаттық ажыратылуы себепті 28 елдімекен электрмен жабдықтаусыз қалып отыр. Бүгінгі күнде электр бағандары суда қалған. Бұл оларды қалпына келтіру жұмыстарын қиындатуда. Су кеткеннен кейін жұмыс жалғастырылатын болады, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Қостанай облысы әкімінің орынбасары Арман Әбенов айтты.
«Су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету жалғастырылып жатыр. Біржолғы әлеуметтік төлемдер төлене бастады. Демеушілік және гуманитарлық көмек көрсетілуде. 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі әлеуметтік көмек 587 отбасына 107,3 млн теңге сомасында төленді. Тасқында 24 автожолда қозғалыс шектелді, ал 9 жол қалпына келтірілді. Арнайы құрылған комиссия келтірілген залалды бағалау бойынша жұмыс істеп жатыр. Қорытындысымен зардап шеккендерге залал толық өтеледі», - деді Арман Әбенов.