Қаза болған полцейдің мәйіті өз үйінің ауласынан табылды
Қостанай облысында тұрғын үй ауласынан зорлық-зомбылық белгілері бар ер адамның мәйіті табылды. Оның Ұзынкөл аудандық ішкі істер бөлімінде криминалист болып жұмыс істейтіні белгілі болды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.
Полиция бөлімшесінің хабарлауынша, оқиға кезінде ол жыл сайынғы еңбек демалысында болған.
– Аса ауыр қылмыс фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта қылмыскерді ұстау үшін барлық қажетті тергеу әрекеттері мен жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы жан-жақты анықталып жатыр, - деп хабарлады полиция.
Сотқа дейінгі тергеудің барысы Ішкі істер министрлігінің бақылауына алынды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: