4 қараша 2024
/ Мир
Дума туу көрсеткішін арттыру үшін лотерея өткізуді ұсынады
Мемлекеттік Дума Ресей Федерациясында туу көрсеткішін арттыру үшін лотерея өткізуді ұсынады. «Біз Ресейде туу көрсеткішін ынталандыру үшін жаңа туған нәрестеге арналған бүкілресейлік лотереяны іске қосу туралы айтып отырмыз», - деді РФ Мемлекеттік Думасының вице-спикері Борис Чернышов. Ол жаңа туған Ресей азаматтары арасында ай сайын 10 пәтер, 100 автокөлік және үйге қажетті 1000 тұрмыстық техника ұтыс ойынын ойнауды ұсынды.