Әлем25 қаңтар 2024, 3:45

Дума «саяси» баптар бойынша сотталғандардың мүлкін тәркілеу туралы заң қабылдады

Ресей Мемлекеттік Думасы «саяси» баптар бойынша сотталғандардың мүлкін тәркілеу туралы заңды бірінші оқылымда қабылдады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Дауыс берген 398 депутаттың үшеуі ғана қарсы болды.
 
Заң қабылданса, мүлік мына жағдайда тәркіленуі мүмкін:
- әскери «фейк», жалған ақпарат тарату (207.3-бап);
- мемлекеттің «қауіпсіздігіне» қарсы әрекетке шақыру (280.4-бап);
- Ресей Федерациясы қатыспайтын халықаралық ұйымдардың немесе шетелдік мемлекеттік органдардың шешімдерін орындауға жәрдем көрсету (284.3-бап);
- қалаусыз ұйымның қызметіне қатысу (284.1-бап).
- бұйрықты орындамау (332-бап).
- дезертирлік (338-бап).
 
«Қылмыстық әрекетті қаржыландыру үшін пайдаланылған немесе тағайындалған» (мысалы, автокөліктер), сондай-ақ «қылмыс» жасау нәтижесінде алынған қаражат пен мүлік тәркіленуге жатады деп болжанады.

Шетелге шығып, ұлттық қауіпсіздікті бұзуға шақырған ресейліктер дүние-мүлкінен айырылып қана қоймай, түрмеге жабылуы керек, - деді ЛДПР депутаты Андрей Луговой.

 

Ресей Дума саясат сотталғандар мүлкін тәркілеу

Тақырыпқа жаңалықтар