Әлем13 қаңтар 2024, 18:00

Ресей Думасы әлеужелілердегі лайк үшін айыппұл салмауды ұсынды

Ресейде Мемлекеттік Дума әлеуметтік желілердегі лайктар үшін адамдарға айыппұл салмауды ұсынды. Үкімет бұл бастаманы қолдамады, - деп хабарлайды Arbat.media

Заң жобасын Мемлекеттік Дума төрағасының орынбасары Владислав Даванков "Новые люди" партиясынан ұсынды. Ол өз бастамасының мақсатын «әділдікті ізгілендіру» деп атайды.

Даванков Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің «өшпенділік тудыру» және «Ресей армиясының беделін түсіру» туралы баптарын бұл әлеуметтік желілердегі жарияланымдарды тегтеу түріндегі эмоцияны білдіруге жатпайтыны туралы ескертумен толықтыруды ұсынады.

Бұл "Новые люди" партиясының лайк үшін айыппұлдарды алып тастауға жасап отырған екінші әрекеті. Ал үкімет бұл бастамаға тағы да теріс баға берді. Ақ үй түсіндірме жазбасында «статистикалық деректер немесе құқық қорғау органдарында жүйелі проблемалардың бар екенін көрсететін басқа ақпарат жоқ» деп жазды.

2022 жылдың жазында Ресейде лайк басу үшін бірінші үкім шығарылған.

Барнаулдық философия және тарих пәнінің мұғаліміне соғысқа қарсы жазбалар мен бейнероликтердің астына «қайғылы смайлик» қолданғаны үшін айыппұл салынған.

Ресей Дума лайк Айыппұл әлеуметтік желі

Тақырыпқа жаңалықтар