
29 қараша 2024
/ Sport
Қазақстандық теннисші Мысырдағы жарыстың жартылай финалына өтті
Қазақстандық теннисші Сандуғаш Кенжебаева жұптық сында Шарм-эль-Шейх (Мысыр) ITF W15 турнирінің жартылай финалына жолдама алды. Жарыстың 3-ракеткасы болып тіркелген Сандуғаш Кенжебаева чехиялық Ивана Себестовамен бірге ширек финалда ресейлік Полина Кайбекова – грузиялық Зозия Кардаваны жолдан тайдырды. Қазақстандық-чехиялық дуэт 6:4, 7:5 есебімен жеңіске жетті.