Теннис: Сандуғаш Кенжебаева Анталияда жартылай финалға шықты
Қазақстандық теннисші, 19 жастағы Сандуғаш Кенжебаева жекелей сында Анталия (Түркия) ITF турнирінің жартылай финалына жолдама алды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Дүниежүзілік рейтингіде 1 171-орында тұрған қазақстандық жас теннисші ширек финалда әлемнің – 660, осы жарыстың 2-ракеткасы, германиялық Наталия Сидлискамен сынға түсті, - деп жазады Kazinform агенттігі.
Бірінші партияда германиялық спортшы бет қаратпады – 6:1. Есесіне екіншісінде Сандуғаш тай-брейкте есе қайырды – 7:6 (7:3). Шешуші, үшінші сетте қазақстандық теннисші шеберлігін көрсете білді – 6:4.
Сандуғаш Кенжебаева финалға шығу үшін әлемнің 788-інші, доданың 7-ракеткасы, 18 жастағы марокколық Ая Эль-Аунимен таласады.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: