30 маусым 2024
/ Новости Казахстана
Словенияда жерленген қазақ жауынгерінің шын есімі анықталды
Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архиві бес жыл бойы тынымсыз еңбек етіп, нәтижесінде Словения Республикасында жерленген қазақ жауынгерінің шын есімін анықтады.СҚО архивінің мәліметінше, 2018 жылы Словенияның Повир елді мекенінде белгісіз жауынгердің зиратының басына гранит тас орнатылып, оған «Кассе Себеро» деп ойып жазылды. Соғыс кезінде қаза тапқан солдатты жергілікті халық осылай атап кеткен еді.