Қазақстан жаңалықтары30 маусым 2024, 10:19

Словенияда жерленген қазақ жауынгерінің шын есімі анықталды

Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архиві бес жыл бойы тынымсыз еңбек етіп, нәтижесінде Словения Республикасында жерленген қазақ жауынгерінің шын есімін анықтады.СҚО архивінің мәліметінше, 2018 жылы Словенияның Повир елді мекенінде белгісіз жауынгердің зиратының басына гранит тас орнатылып, оған «Кассе Себеро» деп ойып жазылды.  Соғыс кезінде қаза тапқан солдатты жергілікті халық осылай атап кеткен еді, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Повир елді мекені тұрғындарының айтуынша, 1943 жылы қараша айында партизандар отрядында болған қазақ жауынгері жараланады. Оны үш күн бойы ауылдықтар фашистерден жасырып, емдемек болады. Алайда жарақаты тым ауыр еді. Жауынгерді түнде жасырын алып шығып, Повирден 5 км жерде жерлейді. Содан бері белгісіз жауынгер зираты жергілікті халықтың күтімінде болды», - дейді Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архивінің директоры Сәуле Мәлікова.

Қазақстанның Австриядағы елшісі, қазір Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің бас хатшысы Қайрат Сарыбай режиссер Сергей Азимовке осы белгісіз жауынгер жайында деректі фильм түсіруді ұсынады, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Кассе Себеро Словения қазақ жауынгері

Тақырыпқа жаңалықтар