Новости: Сот үкімі

Сот үкімі - Қазақстандағы жалғыз еуразиялық порталдағы соңғы жаңалықтар тізімі. туралы жаңа ақпаратты оқыңыз 【Сот үкімі】 жаңалықтар Arbat media
Денис Тенді өлтіргендерге қатысты сот үкімі өзгеріссіз қалды
10 қазан 2024 / Новости Казахстана

Денис Тенді өлтіргендерге қатысты сот үкімі өзгеріссіз қалды

Танымал спортшы Денис Тенді өлтіргендерге қатысты сот үкімі күшінде қалды. Бірінші сатыдағы соттың 2019 жылғы 17 қаңтардағы үкімімен А.Б.Құдайбергенов пен Н.Д.Қиясов алдын-ала сөз байласып, жәбірленуші Д.Теннің мүлкін жымқырғаны, ұрлық жасағаны, сондай-ақ, оны қасақана өлтіргені үшін кінәлі деп танылып, әрқайсысы 18 жылға бас бостандығынан айыруға сотталған болатын (ҚК-нің 192-бабы 2-бөлігінің 1), 4) тармақтары, ҚК-нің 188-бабы 2-бөлігінің 2) тармағы, ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігінің 7), 8) тармақтары). 

Махачкала әуежайындағы тәртіпсіздіктер: алғашқы үкім шықты
24 тамыз 2024 / Мир

Махачкала әуежайындағы тәртіпсіздіктер: алғашқы үкім шықты

Махачкала әуежайындағы тәртіпсіздіктер: алғашқы үкім шықты. Армавир қалалық соты бес ер адамды 2023 жылдың қазан айындағы жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқаны үшін кінәлі деп тапты. Олардың бірі Рабадан Раджабов та билік өкіліне күш қолданғаны үшін кінәлі деп танылды. Сотталушылар 6 жыл 4 айдан 9 жылға дейін жалпы режимдегі түзеу колониясына бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Милананың өлімі: Анасы мен ер адамға сот үкімі шықты
16 шілде 2024 / Новости Казахстана

Милананың өлімі: Анасы мен ер адамға сот үкімі шықты

Жеті жасар Милана Давыдованың өлімі бойынша бірнеше айға созылған сот ісіне нүкте қойылды. Соттың шешімімен қыздың анасы 20 жылға, ал екінші айыпталушы – ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Сот үкімі жарияланған сәтте ер адам өзіне өзі қол жұмсап, сол қолының буын тұсын кесіп жіберген. 

Бұрынғы әйелін ұрған ер адамға қатысты сот үкімі шықты
10 шілде 2024 / Новости Казахстана

Бұрынғы әйелін ұрған ер адамға қатысты сот үкімі шықты

Алматыда бұрынғы азаматтық некедегі әйелін сабаған ер адам жазаланды. Алматы қаласының Наурызбай аудандық сотында әйелге жұдырық жұмсаған айыпталушы М-ға қатысты қылмыстық іс қаралды. Сот анықтағандай, сотталушы бұрын бірге тұрған әйелді үйдің кіреберісінде бірнеше рет ұрып, денсаулығына жеңіл зиян келтірген. Сотталушының кінәсі жәбірленушінің айғақтарымен және қылмыстық істің басқа материалдарымен дәлелденді.