Әлем2 желтоқсан 2023, 16:00

Даулы үкім: 15 жастағы қызды зорлаған тоғыз жігіттің тек біреуі түрмеге кетті

Гамбургте тоғыз жігіт 15 жастағы қызды зорлады деген айыппен сотталды, алайда оларың тек біреуі ғана түрмеге түседі, - деп хабарлайды Arbat.media.

Аталмыш үкім дау тудырды. 
 
2020 жылдың қыркүйегінде Гамбургтегі саябақта адам көп болды. Жаймашуақ күні жасөспірімдер бұл жерде сыра ішіп көңіл көтереді. Олардың арасында 15 жастағы Сара да болды, ол кешке осында достарымен келген, бірақ кейін өзі жалғыз саябақта қалып қалған. Онымен бір топ жігіттер танысқан. 
 
Сыраға масайған Сара жігіттердің біреуімен сүйіспек болған. Бұдан артық ойында ештеңе болмағанын сот кейінірек анықтайды. Сондай-ақ оның жыныстық қатынасқа түсуге келіспеген. Бірақ бұл жігітті тоқтатпай, ол Сараны бұталардың арасына алып кеткен. Сосын оған басқалары қосылған. Кейбіреуі не болып жатқанын видеоға түсіріп алған. Және қыздың смартфоны мен әмияны ұрланған.
Сара кейінірек өзінің қатты қорыққанын, өз әлсіздігіне налып, жиіркенгенін айтады.
Ал айыпталушылардың бірінің адвокаты қыздың қарсылық көрсетпегенін, яғни бәрі келісім бойынша болғанын мәлімдеген.
 
Ақыры Сара көмек сұрауға шамасы келіп, полиция шақырған. Ондаған куәгерлер мен бейнебақылау камераларының жазбасы кейін соттың үкімін растайды: жігіттер Сараның дәрменсіз жағдайын көре тұра, оны пайдаланған.
 
Бұл іс бойынша сотталғандар ол кезде 16 мен 20 жас аралығында болған.
Олардың қанынан алкоголь мен марихуана іздері табылған.
Сөйтіп біреуі 2 жыл 9 айға бас бостандығынан айырылды, қалған сегізі шартты түрде бас бостандығынан айырылып, ды 60 сағат түзеу жұмысына тартылды.
Кейін сотталушылардың бірі үкімге қарсылық білдіріп соттасқан.
Іс кәмелетке толмағандардың қылмыстық заңнамасы аясында қаралды, мұнда нақты мерзімге сотталу сирек кездеседі. Оның үстіне айыпталушылардың ешқайсысы бұрын заң бұзбаған екен.

Бұл жағдай әлеуметтік желілерде қызу пікірталас тудырды: көбісі жазаны тым жеңіл деп санайды және неміс сотының әділдігіне күмән келтіреді.

Сот Сараға жарақат салдарынан психикасы бұзылды деген диагноз қойылғанын мойындады.
Сара қазір бәрін ұмытқысы келетінін ғана айтады.

Германия Гамбург Зорлық Сот үкімі

Тақырыпқа жаңалықтар