Денис Тенді өлтіргендерге қатысты сот үкімі өзгеріссіз қалды
Фото: assembly.kz
assembly.kz
Қазақстан жаңалықтары10 қазан 2024, 19:34

Денис Тенді өлтіргендерге қатысты сот үкімі өзгеріссіз қалды

Танымал спортшы Денис Тенді өлтіргендерге қатысты сот үкімі күшінде қалды. Бірінші сатыдағы соттың 2019 жылғы 17 қаңтардағы үкімімен А.Б.Құдайбергенов пен Н.Д.Қиясов алдын-ала сөз байласып, жәбірленуші Д.Теннің мүлкін жымқырғаны, ұрлық жасағаны, сондай-ақ, оны қасақана өлтіргені үшін кінәлі деп танылып, әрқайсысы 18 жылға бас бостандығынан айыруға сотталған болатын (ҚК-нің 192-бабы 2-бөлігінің 1), 4) тармақтары, ҚК-нің 188-бабы 2-бөлігінің 2) тармағы, ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігінің 7), 8) тармақтары), - деп хабарлайды Arbat.media.

Апелляциялық сот бұл үкімді заңды күшінде қалдырған, деп хабарлайды ҚР Жоғарғы сотының баспасөз қызметі, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Жоғарғы Сот 2024 жылғы 10 қазанда аталған сот актілерінің заңдылығын және негізділігін тексерді, оның қорытындысында оларды қайта қарауға негіздердің болмауына байланысты сотталғандардың адвокаты келтірген өтінішхатты кассациялық сатыдағы сот отырысының қарауына беруден бас тартылды.

Адвокат өтінішхатында сотталғандарды ақтауды немесе олардың адамды өлтіру деп сараланған әрекеттерін (ҚК-нің 99-бабынан), абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірген әрекет ретінде ҚК-нің 106-бабының 3-бөлігімен қайта саралауды сұраған.

Денис Тенэ Сот үкімі қалды

Тақырыпқа жаңалықтар