13 қыркүйек 2024
/ Новости Казахстана
Еліміздегі алғашқы әрі ең ұзын автокөлік тоннелі пайдалануға берілді
Еліміздегі алғашқы әрі ең ұзын автокөлік тоннелі пайдалануға берілді. Бұл құрылыс – еліміздегі автомобиль жолдары саласындағы бірегей жоба. Түркістан облысы, Шақпақ Баба асуындағы екі жолақты тоннелдің ұзындығы – 840 метр. Ені – 11 метр, биіктігі – 8 метр. Түркістан облысы Түлкібас ауданы Шақпақ баба ауылының маңында орналасқан халықаралық маңызы бар автожол тоннелі ел игілігіне пайдалануға берілді,.