Алғашқы автожол тоннелі ашылуға дайын
Фото: Көлік министрлігі
Kolïk Lïga mïnïstri
Қазақстан жаңалықтары5 қыркүйек 2024, 12:23

Алғашқы автожол тоннелі ашылуға дайын

Түркістан облысы Шақпақ баба асуындағы еліміздегі алғашқы автожол тоннелінің ашылуы қарсаңында ауқымды оқу-жаттығу өтті. Аталған оқу-жаттығуға тоннельге қызмет көрсетуге жауапты мамандар, Түркістан облысы ТЖД, полиция қызметкерлері (100 адам мен 15 арнайы техника) жұмылдырылды. Оқу-жаттығу барысында төтенше жағдайда орындалатын жедел іс-әрекеттер пысықталды. Осы орайда желдету, бейнебақылау, өрт дабылы және өрт сөндіру жүйесі сияқты тоннель қауіпсіздігінің негізгі жүйелерін сынауға ерекше назар аударылды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Аталған жүйелер құрылымның қауіпсіздік стандарттарын растай отырып, пайдалануға дайын екенін көрсетті, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Оқу-жаттығу кезеңдерінің бірі істен шыққан көлік құралын жедел сүйретуді пысықтау, сондай-ақ, жол-пайдалану техникасының қозғалысын ұйымдастыру тәртібі болды.

Түркістан облысы ТЖД мамандары жол қызметтері үшін нұсқама өткізіп, оның барысында төтенше жағдай туындағанда орындалатын іс-әрекет тәртібін түсіндірді.

Оқу-жаттығу тоннельде төтенше жағдай туындаған кезеңде бүкіл жұмылдырылған қызметтердің жедел іс-әрекет дайындығын арттыруға ықпал етті.

Тоннель осы айда халық игілігіне пайдалануға беріледі.

 

автожол тоннель

Тақырыпқа жаңалықтар