Новости: Уимблдон

Уимблдон - Қазақстандағы жалғыз еуразиялық порталдағы соңғы жаңалықтар тізімі. туралы жаңа ақпаратты оқыңыз 【Уимблдон】 жаңалықтар Arbat media
Кейт Миддлтон Уимблдонға барды
15 шілде 2024 / Мир

Кейт Миддлтон Уимблдонға барды

Кейт Миддлтон Уимблдонға барды.Бұл оның химиотерапияны бастағаннан бергі екінші рет көпшілік алдына шығуы. Уэльс ханшайымының 14 шілдеде Орталық кортқа шығуы көпшіліктің қошеметіне бөленген. DailyMail таблоиды Миддлтонның ерлер арасындағы Уимблдон финалына баратынын жариялады. 

Уимблдон: Елена Рыбакина ширек финалға жолдама алды
8 шілде 2024 / Sport

Уимблдон: Елена Рыбакина ширек финалға жолдама алды

Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің ширек финалына шықты. Отандасымыз төртінші айналымда әлемнің 18-ракеткасы, ресейлік Анна Калинскаямен шеберлік байқасты. Осыған дейін қарсыластар өзара төрт кездескен, есеп тең еді - 2:2. Бұл жолы Калинская матчты брейкпен бастады - 2:0. Бірақ Рыбакина таразы басын теңестіріп қана қоймай, сетті алды - 6:3. 

Уимблдон: Юлия Путинцева әлемнің экс 1-ракеткасын жеңді
2 шілде 2024 / Sport

Уимблдон: Юлия Путинцева әлемнің экс 1-ракеткасын жеңді

Қазақстанның екінші, әлемнің 35-ракеткасы Юлия Путинцева Уимблдон турнирінің екінші айналымына шықты. Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда «Үлкен дулыға» жарысының үш дүркін чемпионы, әлемнің экс 1-ракеткасы, қазіргі кезде 221-орында тұрған германиялық, 36 жастағы Анжелика Кербермен бетпе-бет келді. Путинцева матчты қарқынды бастады – 3:0. Бұдан кейін Кербер есепті теңестіргенімен, қазақстандық спортшы есесін жібермеді – 7:5. 

Уимблдон турнирінің іріктеу сатысына төрт қазақстандық теннисші  шығады
24 маусым 2024 / Sport

Уимблдон турнирінің іріктеу сатысына төрт қазақстандық теннисші шығады

Лондонда Уимблдон турнирінің іріктеу сайыстары басталады. Жылдың үшінші «Үлкен дулыға» жарысының іріктеу сатысында төрт бірдей қазақстандық теннисші бақ сынайды. Әлемнің 132-ракеткасы Михаил Кукушкин іріктеудің ширек финалында рейтингіде 278-орында тұрған украиналық Виталий Сачкодан өтуге тырысады.