Спорт2 шілде 2024, 23:58

Уимблдон: Юлия Путинцева әлемнің экс 1-ракеткасын жеңді

Қазақстанның екінші, әлемнің 35-ракеткасы Юлия Путинцева Уимблдон турнирінің екінші айналымына шықты. Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда «Үлкен дулыға» жарысының үш дүркін чемпионы, әлемнің экс 1-ракеткасы, қазіргі кезде 221-орында тұрған германиялық, 36 жастағы Анжелика Кербермен бетпе-бет келді. Путинцева матчты қарқынды бастады – 3:0. Бұдан кейін Кербер есепті теңестіргенімен, қазақстандық спортшы есесін жібермеді – 7:5, - деп хабарлайды Arbat.media.

Екінші сетте есеп 4:3 болған мезетте Юлия брейк жасап, матчты жеңіспен түйіндеді – 6:3. Бір сағат 17 минутқа созылған ойында ол 2 эйспен бірге 5 брейк-пойнттың үшеуін мүлт жіберген жоқ, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Кербер 4 брейк-пойнттың біреуін ғана пайдаланды.

Юлия Путинцева үшінші айналымға шығу үшін әлемнің 36-ракеткасы, чехиялық Катержина Синякова немесе рейтингіде 164-сатыдағы канадалық Марина Стакушичтің жеңгенімен шеберлік таластырады.

Ю.Путинцева өткен жылы Уимблдонда бастапқы айналымнан аса алмаған еді.

Уимблдон Юлия Путинцева жеңіс
26 маусым 2026 Қазақстан жаңалықтары
25 маусым 2026 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар