30 сәуір 2024
/ Новости Казахстана
Жайық өзенінің су деңгейі 838 см болды
«Қазсушар» мекемесінің Батыс Қазақстан филиалының мамандары тасқын суын қауіпсіз өткізу іс-шараларын атқарып жатыр. Орал-Көшім суару-суландыру жүйесінің 4 су қоймасына су жиналып жатыр. Бүгінгі күнге су қоймаларына 232 млн текше метр су жиналды, бұл жалпы көлемнің 89,1%-ы. Кіші Өзен бойындағы төрт су қоймасы 92% толды, бұл — 102,5 млн текше метр су.