Қазақстан жаңалықтары30 сәуір 2024, 10:23

Жайық өзенінің су деңгейі 838 см болды

«Қазсушар» мекемесінің Батыс Қазақстан филиалының мамандары тасқын суын қауіпсіз өткізу іс-шараларын атқарып жатыр. Орал-Көшім суару-суландыру жүйесінің 4 су қоймасына су жиналып жатыр. Бүгінгі күнге су қоймаларына 232 млн текше метр су жиналды, бұл жалпы көлемнің 89,1%-ы. Кіші Өзен бойындағы төрт су қоймасы 92% толды, бұл — 102,5 млн текше метр су, - деп хабарлайды Arbat.media.

Үлкен Өзен бойындағы үш су қоймасында 69,2 млн текше метр су жиналды, бұл — жалпы көлемнің 66%-ы, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Үлкен және Кіші Өзен өзендеріндегі су тасқыны аяқталды, тасқын кезінде барлығы 428 миллион текше метр су келді.

Орал қаласындағы Жайық өзенінің деңгейі — 838 см, ол бір тәулікте 8 см төмендеді.

БҚО Бәйтерек ауданы Чувашинское кентіндегі Шаған өзенінің деңгейі — 719 см, Белес кентіндегі Дерқұл өзенінің деңгейі — 215 см.

«Қазсушар» мамандары Ресей Федерациясының Орынбор және Саратов облыстарының су қызметтерімен тұрақты ақпарат алмасып отыр.

Жайық өзені су деңгейі 838 см БҚО
25 шілде 2025 Қазақстан жаңалықтары
24 шілде 2025 Қазақстан жаңалықтары
24 шілде 2025 Қазақстан жаңалықтары
25 шілде 2025 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар