Жайық өзенінің жағасынан ер адамның мүрдесі табылды
Атырау қаласында Жайық өзенінің жағасынан ер адамның мүрдесі табылды. Табылған мүрденің жеке басы анықталмаған, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі жария етті.
14 сәуірде сағат 18:10 шамасында Жайық өзенінің «Атырау» ықшам ауданындағы жағасынан белгісіз ер адамның мүрдесі табылды. Қазір сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Полицейлер былтыр 13 маусымда Жайық өзеніне батып кеткен жасөспірімнің мүрдесі болуы мүмкін деген болжамды жоққа шығармайды.
Сол кезде сүңгуірлер 2008 жылғы жасөспірімді бір айдан астам уақыт іздеп, таба алмаған еді.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: