Placeholder Зарина Дияс Түркияда бір күнде екі матч өткізіп, финалға шықты
Фото: ҚТФ
QTF
Спорт20 қазан 2024, 1:51

Зарина Дияс Түркияда бір күнде екі матч өткізіп, финалға шықты

Қазақстандық теннисші, әлемнің 488-ракеткасы Зарина Дияс Кайсери (Түркия) ITF W50 турнирінің финалына өтті. Қазақстандық теннисші жартылай финалда дүниежүзілік рейтингіде 485-орында тұрған ресейлік Екатерина Маклакованы айқын басымдылықпен ұтты – 6:1, 6:2. Бір сағат 6 минутқа созылған ойын барысында Зарина 6 брейкке қол жеткізді. Маклакова 2 брейктен аса алмады. Бүгін осының алдында З.Дияс ширек финалда түркиялық Дениз Дилекті ойсырата ұтқан еді – 6:0, 6:2, - деп хабарлайды Arbat.media.

Зарина Дияс финалда әлемнің 224-ракеткасы, Беларусь өкілі Алена Фалей немесе рейтингіде 338-сатыдағы болгариялық Изабелла Шиникованың қай жеңгенімен чемпиондық атақ үшін таласады, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Жарақатына байланысты екі жылдық үзілістен кейін кортқа биыл оралған қазақстандық теннисші қазіргі кезде WTA Live рейтингісінде 418-орынға көтеріліп тұр.

 

Зарина Дияс түркия Теннис Финал

Тақырыпқа жаңалықтар