Қазақстан жаңалықтары13 қараша 2023, 21:17

24 жастағы әйел көпірден секіріп кетті

Атырау қаласындағы орталық көпірден 24 жастағы йел Жайық өзеніне секіріп кетті, - деп хабарлайды Arbat.media.

Оны төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері құтқарды.

Облыстық ТЖД қоғаммен байланыс тобы болған оқиғаны растады.

«Оқиға орнына жедел-құтқару жасағының құтқарушылары жедел жетті. Жергілікті уақытпен сағат 15:07-де құтқарушылар Берікқали Айдаров, Ернар Әнуарбеков Айдын Бағыт әйелді құтқарып, Жайық өзенінің жағасына шығарды, Құтқарылған 1999 жылғы әйелді жедел жәрдем бригадасының қызметкерлеріне тапсырды», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір әйелдің жағдайы қалыпты, дәрігерлердің бақылауында.


Атырау Көпір Оқыс оқиға Әйел

Тақырыпқа жаңалықтар