Қазақстан жаңалықтары19 қазан 2023, 14:12

40 млн теңгесі бар сейфті ұрлап әкеткен

Алматы облысында үйге ұрлыққа түскендер 40 млн теңге және бағалы заттар салынған сейфті көтеріп әкеткен, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Рolisia.kz жария етті.  

Жамбыл ауданының полиция бөліміне үш адам Қасымбек ауылындағы үйлердің біріне қарақшылық шабуыл жасағаны туралы ақпарат түскен. Олар үй иелерін қарумен қорқытып, оқ атқан. Кейін 40 млм теңге ақша, алтын әшекейлер мен өзге де бағалы заттары бар сейфті ұрлап әкеткен. 

Алматы облысы ПД бастығының нұсқауы бойынша жедел тергеу тобы құрылып, олар қысқа мерзімде үш күдіктіні ұстады.

«ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабы 3-бөлігінің 4-тармағы «Қарақшылық» бойынша аталмыш факті тіркелді. Тергеудің толықтығын, жан-жақтылығын және объективтілігін қамтамасыз ету мақсатындағы барлық қажетті шаралары жүргізіліп жатыр».

Алматы облысы Сейф ұрлық Қылмыс

Тақырыпқа жаңалықтар