Placeholder Алматыда 19 жастағы қыз биіктен құлап мерт болды
ФОТО: Depositphotos
Depositphotos
Қазақстан жаңалықтары8 қазан 2024, 11:23

Алматыда 19 жастағы қыз биіктен құлап мерт болды

Алматыда 19 жастағы қыз 18-ші қабаттан құлап өлді. Бойжеткеннің мұндай қадамға баруына не түрткі болғаны әзірге белгісіз. Бұл тұрғын үй кешенінде осы іспеттес қайғылы оқиға жиі болады. Видео қайғылы оқиғадан кейін түсірілген. Сұр шалбар, үстіне қара жемпір киген бойжеткен кеше кешкі жетіге таман 18-ші қабаттағы балконнан құлаған, - дейді тұрғындар. Бойжеткен өзіне қол салды ма, біреу итеріп жіберді ме? Мұның жауабын тәртіп сақшылары анықтап жатыр, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы КТК телеарнасы жариялады.

Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы ПД ресми өкілі:

— Алмалы ауданы ПБ қарасты полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр.

Алматы қыз суицид 18-ші қабат

Тақырыпқа жаңалықтар