Placeholder Instagram арқылы заңсыз лотерея ұйымдастырған
ФОТО: Depositphotos
Depositphotos

Instagram арқылы заңсыз лотерея ұйымдастырған

Алматы облысының Балқаш аудандық сотында заңсыз лотерея ұйымдастырған Н.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды. Сот мәліметіне сәйкес, 2024 жылдың шілде айында Н. өзінің Instagram парақшасында заңсыз лотерея ұйымдастырып, "Jetour" маркалы автокөлігін ойнатқан. Лотереяға қатысу үшін 200 теңге көлеміндегі шексіз лотерея билетінің құнын Н.-ның жеке банктік шотына аудару қажет болған, - деп хабарлайды Arbat.media.

Алматы облыстық соты құқық бұзушылық Н. лотерея операторы болып табылмайтын тұлға жөнінде хабарлама, Instagram парақшасының скриншоттары және істің басқа да материалдарымен расталғанын хабарлады, - деп жазады Kazinform агенттігі.

- Сот Н.-ны ӘҚБтК-нің 445-1-бабы 6-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған 100 АЕК, яғни 369 200 теңге көлемінде айыппұл түрінде жаза тағайындады, - деп мәлімдеді облыстық сот.

Сот қаулысы заңды күшіне енді.

Алматы облысы Интаграм лотерея сот

Тақырыпқа жаңалықтар