Placeholder Қазақстанда VIP нөмірлер қанша тұрады
Фото: Sputnik
Sputnik

Қазақстанда VIP нөмірлер қанша тұрады

Елімізде жыл басынан бері 31 667 адам автокөліктерге арналған VIP нөмірлерді сатып алған. Ең арзан VIP нөмірлер: 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 707 және цифрлық белгілеу нөмірлері бірдей әріпті нөмірлер. Әр нөмірдің құны 57 АЕК, яғни 210,330 теңгені құрайды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Ал, ең қымбат VIP нөмірлер 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777. Олардың құны 285 АЕК, яғни 1 051 650 теңге, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл ретте қарапайым нөмірлердің құны Салық кодексімен реттеледі, ол 2,8 АЕК-ті құрайды.

Қолжетімді сандар комбинациясын eGov порталынан, eGov Mobile қосымшасы, сондай-ақ мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарынан (арнайы қызмет көрсету орталықтары) қарауға болады.

VIP нөмірлер Баға Қазақстан

Тақырыпқа жаңалықтар