Алматыда LRT, BRT және метро құрылысы қалай жүріп жатыр
Алматыдағы BRT құрылысы 2024 жылы басталады. Бұл туралы қалалық мәслихат сессиясында белгілі болды. Қаланың мобилділік басқармасының басшысы Сағындық Телібаев былтыр желтоқсан айында көлік құрылымын дамыту жөніндегі шеберлік-жоспары бекітілгенін атап өтті. Оның негізгі бағыттарының бірі – LRT, BRT метро құрылысы, - деп хабарлайды Arbat.media.
Қазір «Қалқаман» метро станциясының құрылысы бойынша жұмыстар жүргізілуде, содан кейін метроны «Барлық» базарына дейін ұзарту, тағы 3 жаңа станция салу жоспарда, - деп жазады Kazinform агенттігі.
«Биыл Райымбек даңғылы бойынша BRT-ның бірінші учаскесін салуды бастаймыз. Құрылыс Желтоқсан көшесі бойынша Тимирязев көшесінен Райымбек даңғылына дейінгі аралықты қамтитын болады. Сондай-ақ Төле би көшесі бойынша LRT құрылысына техникалық экономикалық негіздеме әзірленіп жатыр. Аталған жобаларды іске асыру қоғамдық көлікті дамытуға оң әсер етеді, қала тұрғындары үшін қозғалыс ыңғайлы болады», - дейді Сағындық Телібаев.
Осыған дейін Ерболат Досаев Алматыда бір қоғамдық көліктен екіншісіне ауысып отыру тегін болатынын жеткізген еді.
Еске салайық, былтыр Алматының 2040 жылға дейінгі Бас жоспарын әзірлеушілер қоғамдық көлікті дамыту перспективалары туралы айтқан болатын.