Халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер Астана әуежайында ұсталды

Астана қаласының халықаралық әуежайында қазақстандық полицейлер Әзірбайжан ІІМ Интерпол ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген осы елдің азаматын ұстады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Polisia.kz жазды.

«Ер адам 2022 жылы Бакудегі әлеуметтік үйлерден пәтер алуға көмектесу сылтауымен жергілікті тұрғындардың ақшасын иемденген. Қаскөй Астанадан Душанбеге ұшып кетпек болған. Қазіргі уақытта ол елордалық полицияның уақытша ұстау изоляторына қамалды», — делінген хабарламада.

халықаралық іздеу Қылмыскер Астана Әуежай

Тақырыпқа жаңалықтар