Placeholder Ақтауда пәтерлерді тазалау сылтауымен тонаған ұрылар ұсталды
Фото: polisia.kz
polisia.kz

Ақтауда пәтерлерді тазалау сылтауымен тонаған ұрылар ұсталды

Ақтауда ер адам мен әйел жалған клинингтік қызмет көрсетіп, 8 пәтерді тонап кеткен. Күдіктілердің бірі бұрын есірткі сақтап, ұрлық жасағаны үшін бірнеше рет сотты болған 39 жастағы ақтаулық екені анықталды. Ал қолға түскен екінші тұрғын оның 43 жастағы танысы болып шықты, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Egemen.kz жазады.

Жәбірленушілер полицияға шағымданғаннан кейін ұрылар ұсталған. Олардың пәтерлерді тонағаны заттай деректермен дәлелденген.

Қазіргі уақытта ұсталғандар қамауға алынып, тергеу басталған.

Олардың басқа да ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

 

Ақтау пәтер тазалау ұрылар

Тақырыпқа жаңалықтар