Placeholder Алматыда халықтың осал топтары тұрғын үй сертификатын алуға өтініш бере алады
Фото: Валерий Бугаев
Valerïy Bwgaev
Қазақстан жаңалықтары16 қазан 2024, 11:34

Алматыда халықтың осал топтары тұрғын үй сертификатын алуға өтініш бере алады

Алматыда Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асқан «Наурыз» жаңа тұрғын үй бағдарламасы аясында тұрғын үй сертификатын алуға өтініш қабылдау басталды. Бұл бастама тұрғын үй алуда көмекке мұқтаж халықтың неғұрлым осал санатын қолдауға бағытталған, - деп хабарлайды Arbat.media.

Алматы қаласы мәслихатының шешімімен бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін тұрғын үй сертификатын беруге қаражат бөлінді. Сертификат мөлшері 1,5 млн теңгеге дейін, ол өтеусіз әрі қайтарымсыз беріледі, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Сертификат алушыларға ЖАО кезекте тұрғандардың ішіндегі мынадай санаттар жатады:

1. 1 және 2 топтағы мүгедектер;2. Мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;3. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;4. Көпбалалы отбасылар.

Жаңа ережеге сәйкес, сертификат алу үшін отбасының орташа табысын растау қажет, ол отбасының әрбір мүшесіне осы қаржы жылына белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген көрсеткішінен (134 561,7 теңге) аспауға тиіс.

Отбасы банкінде төлем қабілеттілігін растаған және тұрғын үй тапқан азаматтар «Kezekte.kz» сайтындағы («Amanat» сервисі арқылы) тұрғын үй сертификатына өтінім бере алады.

Қажетті құжаттар:

1. Жұмыс орнынан анықтаманың электрондық көшірмесі (әлеуметтік осал топтарға талап қолданылмайды);2. Ипотекалық тұрғын үй несиесін беру туралы банктің мақұлдау хатының электрондық көшірмесі, онда несие сомасы мен ай сайынғы төлем мөлшері көрсетілуі керек.

Өтініштер 3 жұмыс күні ішінде қаралады.

— Бұған дейін тұрғын үй сертификаты тек «Бақытты отбасы» және «Шаңырақ» бағдарламалары аясында берілетін, ал жаңа өзгеріс тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды қолдау мүмкіндігін кеңейтеді, — деп хабарлады Алматы қаласы Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы.

Алматы осал топтар үй сертификаты өтініш

Тақырыпқа жаңалықтар