Қазақстан жаңалықтары14 шілде 2024, 14:37

Анталияда саябақта Домбыра ескерткіші орнатылды

Анталиядағы Жамбыл Жабаев атындағы саябақта дәстүрлі музыкалық аспап домбыра ескерткіші орнатылды. Түркиялық БАҚ-тың келтірген мәліметіне сүйенсек, Кепез муниципалитетінің ұйымдастыруымен өткен шараға Анталия губернаторы Хулуси Шахин, Қазақстанның Түркиядағы елшісі Еркебұлан Сәпиев, Кепез қаласының мэрі Месут Кожагөз, Анталияда тұратын қазақстандықтар мен түрік ағайындар қатысты, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Түркия Радио Телевизия порталы жариялады, - деп жазады Kazinform агенттігі..

Аталған іс-шараға қатысқан губернатор Шахин беташар сөзінде «Домбыра күні» шарасы аясында Қазақстан халқымен қауышқанына қуанышты екенін айтқан.

Домбыраның Анадолыдағы бағлама, саз, кура және тамбур аспаптарының атасы екенін түсіндірген Шахин «Түрік мәдениеті мыңдаған жылдар бойы кең территорияға таралып, құрлықтар арасындағы үлкен бауырластық көпірі болды» деді.

«Өкілетті елші Сәпиев аптап ыстыққа қарамастан бауырлас екі ел өкілдерінің саябақта бас қосқанына қуанышты екенін атап өтті. Сәпиев «Домбыра қазір қазақтың аспабы ғана емес, бүкіл түрік әлемінің символы болып табылады. Орнатылған мүсін енді балаларымыз бен ұрпақтарымызға бауырмалдықтың, ынтымақ пен бірліктің символ болады» деді», деп жазады түркиялық басылым.

Анталия саябақ домбыра Ескерткіш

Тақырыпқа жаңалықтар