Қазақстан жаңалықтары16 шілде 2024, 11:00

Антикор ҚР азаматы Дауренбек Қожабаевқа іздеу жариялады

Антикор 1978 жылғы ҚР азаматы Дауренбек Кожабаевқа іздеу жариялады, - деп хабарлайды Arbat.media.

"Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) ҚР ҚК-нің 366-бабы 4-бөлігімен көзделген қылмыс жасағаны үшін, халықаралық іздеуде жүрген ҚР азаматы, 16.10.1978 ж.т. Дауренбек Аманкулович Кожабаевты іздестіруде.Іздеу салынған адам анықталған жағдайда немесе оның болуы ықтимал орны туралы қандай да бір ақпарат алынған кезде, Агенттікке келесі телефондар арқылы: 1424 – Call-орталыққа, 8 (7172) 90-92-60 (Кезекші бөлім), 8-701-972-06-05, 8-775-934-63-33, хабарлау қажет" делінген хабарламада.Іздеуде жүрген адамды ұстауға ықпал ететін ақпарат бергені үшін сыйақы және анонимділік тұрғысынан кепілдік беріледі.

 

Антикор Іздеу Дауренбек Қожабаев

Тақырыпқа жаңалықтар