Қазақстан жаңалықтары31 қазан 2023, 13:01

«АрселорМиттал Теміртаудың» жаңа инвесторы Серік Ахметов деген рас па?

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев «АрселорМиттал Теміртаудың» орнына келетін инвестор туралы айтты, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Үкімет шетелдік инвесторлардың келуін қарастырып отырған жоқ. Еңбек шарты, қызметшілердің саны өзгеріссіз қалады», - деді министр. 

«Ол қазақстандық Серік Ахметов (бұрынғы премьер-министр, Қорғаныс министрі - ред.) болады деген қаншалықты рас?» - деп сұрады журналист. 

Қанат Шарлапаев бұл сұраққа да қысқа жауап қайырды. 

«Қазір нақты инвестор туралы пікір білдіре алмаймын. Бұл активке шетелдік инвестор тартуды жоспарлап отырған жоқпыз. Соны ғана айта аламын», - деді ол.

БАҚ өкілінің нақтылау сұрағына министр: «Ондай мәселе талқыланған жоқ», - деп жауап берді.

Серік Ахметов АрселорМиттал Теміртау жаңа инвестор

Тақырыпқа жаңалықтар