Placeholder
ФОТО: m.haqqin.az/news
m.haqqin.az/news
Әлем19 қыркүйек 2024, 8:51

УҚК: Ресейдің Курск облысындағы қарсы шабуылы тоқтатылды

Ресейдің Курск облысындағы қарсы шабуылы тоқтатылды, деп мәлімдеді Украина қарулы күштері. «Олар қапталдан шабуыл жасамақ болды, бірақ ол тоқтатылды», - деді AFP агенттігіне берген сұхбатында Украина қарулы күштерінің Курск облысындағы қолбасшылығының баспасөз хатшысы Алексей Дмитрашковский. Ресей бұған дейін бірнеше ауылды украин әскерлерінен қайтарып алғанын мәлімдеген. Дмитрашковскийдің айтуынша, «жағдай тұрақтанды, бүгінде бәрі бақылауда, олар табысқа жеткен жоқ», - деп хабарлайды Arbat.media.

Кейінірек, атын атамаған украиндық шенеунік Франс Пресс агенттігіне берген түсініктемесінде: «Ресейдің Курск аймағындағы операциясы жалғасуда, оның толық сәтсіздігі туралы айту әлі ерте», - деп түсіндірді.

Дмитрашковский, сондай-ақ, Украина қарулы күштері басып алған аймақтарда «бірнеше мың» ресейлік бейбіт тұрғындар тұратынын түсіндірді.

«Кейбір ауылда 100-ден астам, 200-ден астам, 500-ден астам адам бар», - деді ол.

Ресейдің Курск облысына тамыз айының аяғынан бері жасаған шабуылдары нәтижесінде 23 бейбіт тұрғын қаза тапты,

Дмитрашковскийдің айтуынша, олар «украин әскерилермен бірге өліп жатыр». Ол бейбіт тұрғындарға «кетуге рұқсат етілмейтінін» түсіндірді, бірақ аумақта жүріп-тұруға рұқсат етілген.

Курск облыс Ресей Шабуыл тоқтатылды

Тақырыпқа жаңалықтар