Placeholder
Фото: ru.freepik.com
.freepik.com

Қыздарды АПВ-ға қарсы вакцинациялау басталды

Қазақстанда қыздарды жатыр мойны обырының негізгі қоздырғышы – адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы вакцинациялау басталды.  ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің 2024 жылғы 17 қыркүйектегі № 11 қаулысына сәйкес 11 жастағы қыздар жоспарлы тәртіппен вакцинациялауға жатады. Сондай-ақ 12-13 жастағы қыздарға да қосымша иммундау жүргізіледі. Аталған екпе мектептердің медициналық кабинеттерінде ата-аналардың немесе заңды өкілдердің келісімінен кейін ғана жүргізіледі. Сондай-ақ ата-аналардың қалауы бойынша вакцинация қыз бала тіркелген жердегі емханаларда да жүргізілуі мүмкін, - деп хабарлайды Arbat.media.

Жатыр мойны обыры - Қазақстандағы барлық жастағы әйелдер арасында таралуы бойынша екінші орында, 25 пен 44 жас аралығындағы әйелдер өлімінің себебі бойынша екінші орында тұрған қатерлі ісік. Жыл сайын Қазақстанда бұл дерттің 1900-ға жуық жаңа жағдайы тіркеледі, деп жазады Egemen.kz.

Ғылымдар жүргізген зерттеулерге сәйкес, жатыр мойны обырының негізгі себебі - АПВ инфекциясын жұқтыру.

Жатыр мойны обырының алдын алуға бағытталған ең тиімді шара - вакцина. АПВ-ға қарсы вакцина халықаралық деңгейде өзінің тиімділігі мен қауіпсіздігін дәлелдеген. Бүгінгі таңда АПВ-ға қарсы вакцина әлемнің 135 елінде қолданылады. Вакцинацияның арқасында көптеген мемлекетте әйелдер арасында АПВ-ның таралуы 90%-ға төмендегенін айта кету керек.

АПВ Қыздар вакцинациялау папиллома

Тақырыпқа жаңалықтар