Placeholder
Фото: gov.kz
gov.kz
Қазақстан жаңалықтары3 тамыз 2024, 10:00

Астанада жаңа мурал пайда болды

Елордада «Шаңырақ» атты жаңа мурал пайда болды. Сарыарқа ауданы Қарталы көшесі 5/1 мекенжайында «Шаңырақ» атты жаңа мурал пайда болды. Қазақ отбасы ұлттық киіммен өрнектелген бұл муралда салт-дәстүр мен ұрпақтар сабақтастығы, бірлігі бейнеленген, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайты жазады.

Муралдың орталық элементі – шаңырақ, яғни қазақ үйдің жоғарғы бөлігі, тектілік, қарашаңырақ (үй) бейнеленген.

Шаңырақ қазақ мәдениеті мен отбасылық құндылықтардың негізін білдіреді.

Бейненің жоғарғы тұсындағы шаңырақтың суреті отбасылық тығыз байланысты, үйлесімділік пен ата-бабаларға деген құрметтің маңыздылығын еске салады.

Астана мурал

Тақырыпқа жаңалықтар