Placeholder
ФОТО: КТК
КТК
Қазақстан жаңалықтары21 қыркүйек 2024, 5:11

Абай облысы: Орлов шахтасында тау опырылып, бір жұмысшы көз жұмды

Абай облысындағы Орлов шахтасында тау массасы құлап, бір жұмысшы опат болды. Тағы бір кенше жарақат алып ауруханаға жеткізілген, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы КТК телеарнасы жазады.

Ермек Дюзкенев, Kaz Minerals тобы корпоратив байланыс департаментінің менеджері:

— Орлов шахтасының екі қызметкері жарақат алды. Алдын ала анықталған себеп — тау-кең массасы опырылған. Әріптестеріміздің біреуі ауруханада көз жұмды. Тағы бір әріптесіміз көрсетілген медициналық көмектен кейін ауруханаға жатудан бас тартты.

Көз жұмған 39 жастағы азамат полиметалл өндіретін Орлов шахтасында бекітуші болып істеген екен. Адам өліміне алып келген қайғылы жағдайдың себебін тексеру үшін арнайы комиссия құрылды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. KAZ Minerals тобының басшылығы марқұмның отбасына жан-жақты көмек көрсетілетінін жеткізді. Полиция қызметкерлері қылмыстық іс қозғап, сотқа дейнігі тергеуді бастады.

Ақылбек Досембеков, Бородулиха ауданы ПБ бастығының тергеу жөніндегі орынбасары:

— Абайсызда адам өліміне әкелген тау-кен жұмысы және құрылыс жүргізу кезіндегі қауіпсіздікті бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқыс оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу Абай облысы ПД бақылауында.

Абай облысы Орлов шахтасы Жұмысшы өлім

Тақырыпқа жаңалықтар