Қазақстан жаңалықтары21 сәуір 2024, 11:00

Атырау облысында екі аудан халқының несиесі кейінге шегеріледі

Атырау облысында су тасқынына байланысты екі аудан тұрғындарының несие төлемі кейінге шегеріледі. Облыстық жедел штабтың мәліметіне сүйенсек, су тасқынынан судан зардап шеккен тұрғындардың басым бөлігі Жылыой ауданында тұрады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл аудандағы Құлсары қаласының 30 пайызын су басқан, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Атырау облыстық департаментінің басшысы Асланбек Қабесовтің айтуынша, жергілікті атқарушы орган зардап шеккен адамдардың тізімін ұсынып жатыр.

«Жылыой ауданындағы Құлсары қаласы бойынша су тасқынынан зардап шеккен 2471 адамның тізімі жасақталып, қаржы ұйымдарына жолданды. Ал, Қызылқоға ауданынан 24 адамның тізімі түсті. Осыған байланысты зардап шеккен тұрғындардың несиесіне қатысты төлемін 3 айға тоқтату жөнінде жұмыстар жүргізіліп жатыр», -деп мәлім етті Асланбек Қабесов.

Оның айтуына қарағанда, су тасқынынан зардап шеккен адамдардың несие төлемінің мерзімі 1 сәуірден 30 маусымға дейін шегеріледі.

Осы кезде төлемді кешіктіргені үшін айыппұл мен өсімпұл есептелмейді.

Атырау облысы Несие кейінге шегеру

Тақырыпқа жаңалықтар