Placeholder Атырауда ер адам 10 күннен бері табылмай жатыр
Фото: Атырау облыстық полиция департаменті
Atıraw oblısınıñ IID

Атырауда ер адам 10 күннен бері табылмай жатыр

Атырауда егде жастағы ер адам 10 күн бұрын жоғалып кеткен. Содан бері үйіне оралмаған. Жоғарған ер адам туыстарының айтуынша, Жұматай Жапаров 13 қазанда түнгі сағат 22:00 шамасында үйінен шығып кеткен. Ол Атырау қалалық әкімдігіне қарайтын Дамбы ауылдық округіндегі Құрманғазы ауылында тұрған, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Осы кезге дейін үйіне кері оралмаған ер адамды жан-жақты іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Із-түзсіз кеткен ер адам туралы қандай да бір ақпарат болса, 102 нөміріне дереу қоңырау шалып, хабарлауды сұраймыз», -деп мәлім облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

 

Құрманғазы ауылы Атырау Іздеу Жұматай Жапаров

Тақырыпқа жаңалықтар